• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Астанада өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікті соққан: қаза тапқан адам бар

Астанада өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікті соққан: қаза тапқан адам бар
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, жеңіл көлікті қағып кеткен. Оқиға салдарынан көлік жолаушысы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға Бөгенбай батыр даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысында болған.

"Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, KIA маркалы көлікпен соқтығысты. Жол апаты салдарынан Kia көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Кейінірек 52 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді департамент өкілі.

Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде марқұм мектепте мұғалім болып жұмыс істегені, оның артында баласы, мүгедектігі бар анасы қалғаны туралы ақпарат тарады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget