Астанада “Өркеш көпірдегі“ жол ашылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 1 қыркүйектен бастап Алаш тас жолындағы көпір ("Өркеш көпір") арқылы қозғалыс толық қамтамасыз етілетінін мәлім етті.
Бұған дейін көпірдің сол жағындағы қозғалыс жөндеу жұмыстарына байланысты автокөлік құралдары үшін жабылған болатын. Бүгінгі таңда жұмыстар аяқталды.
Еске салайық, Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесі екі күнге толығымен жабылады.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлады.
"Осыған байланысты биыл 31 тамыз - 1 қыркүйек аралығында Ә. Бөкейхан/Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылатын болады.
Сонымен қатар 31 тамыз - 4 қыркүйек аралығында Ә. Бөкейхан көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады", - делінген хабарламада.
Басқарма Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!