Астанада алдын ала сөз байласу арқылы бір жыл бойы әрекет еткен алаяқтар әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Астана прокуратурасы мәліметінше, сауда үйінің қызметкері 10 танысымен келісімге келіп, тұрмыстық техниканы төмен бағамен сатып алу үшін жалған промокодтар рәсімдеген.
"Олар iPhone, ноутбук, теледидар, тоңазытқыш және басқа да тауарларды сатып алып, оларды үшінші тұлғаларға сатқан. Сауда үйіне келтірілген залал - 473,6 млн теңге", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімі
Қылмысқа қатысқан 10 адам 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова