Астанада балаға кіреберістің төбесі құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 12 мамырда "Сат Сити" тұрғын үй кешенінде болған. Бала сыртқа шыққан бойда оның үстіне кіреберістің төбесі құлап кеткен.
Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне 2013 жылы туған бала түскен. Ол басының самай бөлігінде жарақаттар алғанын айтып шағымданған.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қарап тексергенде контузия нүктелі жаралар анықталған. Жалпы баланың жағдайы қанағаттанарлық. Бала хирургтың амбулаторлық бақылауына жіберіліп, тиісті ем-шара жасалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!