Астанада оқырмандарды алдаған букмекерлік-алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы ауданы ПБ полицейлері ұтып алуға бәс тіккен азаматтардың ұтуына уәде берген 19 жастағы Астана тұрғынын ұстады. Ол өзінің алаяқтық әрекеттерін жүзеге асыру үшін Instagram желісінде парақша ашып, онда букмекерлік кеңселердегі бәс тігулер арқылы жазылушыларға өзіне аударылған ақша сомасын бірнеше есеге көбейтуге уәде бергені анықталған. Ақшаны алғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, алаяқ өз абоненттеріне теңгерім толтырылғаннан кейін ала алатын таза соманы ұтып алғаны туралы хабарлаған. Алайда, ақшасын "букмекерлік кеңсеге" беріп, алданған жазылушылар ақшаларын ешқашан ала алмаған.
Осылайша, Шымкент қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, 70 мың теңгені бәс тігуге аударғанын айтқан. Тағы бір жағдайда Қостанай облысынан келген ауыл тұрғыны дәл осындай жолмен алданып, 47 мың теңгесін жоғалтып алған. Осыған ұқсас полицияға алданып қалған 17 азамат жүгінген.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады, оның Астанада осыған ұқсас алаяқтық істеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!