Ішкі істер министрі Ержан Саденов Астанада 8-сыныпта оқитын қызды зорлағандар қамауға алынғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр қылмыстық іс тергеліп жатқанын атап өтті.
"Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Бірден күдіктелерді анықталды, қамауға алынды. Олар да кәмелетке толмағандар. Бүгінде қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деді Ержан Саденов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанада бірнеше оқушы 8-сыныптың қызын зорлады деген мәлімет тарады.
Елорда полициясы деректі растады. Оның негізінде Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны хабарланды.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз