Астанада оқушылар қысылысқан видеодан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды

Астанада мектепте киім ілетін жерде болған кептеліске байланысты директор қызметінен босатылды. Астана әкімдігі мәліметінше, оқушылар бұлай жиналуына сабақ кестесі дұрыс жоспарланбауы себеп болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде елордадағы №99 мектепте түсірілген видео тарады. Бұл жағдай балалар сырт киімдерін алуға келген кезде киім ілетін жерде болған.

Видео кадры

Астана әкімдігі мәліметінше, мектептегі екінші ауысымның сабақ кестесі салдарынан жеті сыныптың оқушылары сабақ аяқталған соң бір мезгілде шыққан. Салдарынан сырт киім ілетін жерде оқушылар қысылып қалған.

Әкімдік болған оқиғаға байланысты мектеп директоры қызметінен босатылғанын хабарлады. Сонымен қатар, мектепте бақылау, кезекшілік күшейтілгені, қосымша шаралар қабылданғаны айтылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!