Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды. Полиция мәліметінше, оқушы оянғанда үйдегі сағат таңғы 07:00-ді көрсетіп тұрған екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Осылайша, ол мектепке шығып кеткен. Ал тұрғындар баланы мектеп маңыннан көре сала 102 нөмеріне хабарлаған.
"Астана қаласының 26 мектеп жанында кәмелетке толмаған баланың жүргені туралы хабарлама түсті. Бұл хабарлама бойынша полиция қызметкерлері дер кезінде кәмелетке толмаған баланы тауып, оны ата-анасына тапсырды. Жасөспірімнің ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Астана полиция департаментінің ресми өкілі Нұралы Тәңірбергенов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!