Назарбаев Зияткерлік мектебі (НЗМ) Астанада 18 жастағы қызға қастандық жасалған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Баспасөз қызметі өкілдері қыздың мектепте оқитынын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
НЗМ жалған ақпарат таратпауды және құқық қорғау органдарынан ресми түсініктеме күтуді сұрайды.
"Иә, 2024 жылғы 25 мамырда Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға түскенін растаймыз. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Қазір оқиға сабақтан тыс уақытта болғаны, шабуыл жасаған жасөспірім НЗМ шәкірті емес екені белгілі болды. Өз кезегінде жалған ақпарат таратпауды және құқық қорғау органдарынан ресми түсініктеме күтуді сұраймыз", - деді Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, оқиға бір күн бұрын Астанада болған. Кейін полицейлер кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілгенін хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!