Астанада оқушы баспалдақтан құлап кетті. Мектеп директоры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
№14 мектеп директорының жұмыстан босатылғаны туралы ақпаратты Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі өкілдері растады.
Еске салайық, бұған дейін Астанада мектеп баспалдағынан құлаған оқушының жағдайы белгілі болған еді.
"Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында жатыр. Есін жиды, жағдайы тұрақты. Ол комаға түскен жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жердің неше түрлі қозғалысы бар?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!