- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада ОҚО тауар...
Астанада ОҚО тауар өндірушілерінің көрмесі өтті
Фото:
ontustik.gov.kz
Оңтүстік Қазақстан облысының Елордасы – Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі өтті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көрмеде өңірдегі жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттары салаларының 30-дан астам кәсіпорынының отандық өнімдері қойылды.
Аталған шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, көрмеге қойылған өнімдерді қала əкімі мен мəртебі меймандарға таныстырды. Сондай-ақ, ол бүгінде отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатқанын айтып, барша көрмеге қатысушыларды қазақстандық тауарды тұтынуға шақырды.
Мұнда Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына кілем өнімдері, шұлық және үйге арналған тоқыма бұйымдары, ерлер костюмдері, трансформаторлар, сорғылар, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық құрылғылар, құрылыс заттары, жиһаз, азық-түлік өнімдері ұсынылуда.
Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» акция аясында өтіп жатқан көрмеде ОҚО туристік объектілерінің сурет көрмесі және LED экранда облыстың инвестициялық тартымдылығы бойынша бейне ролик пен облыстық өнеркәсіптік кәсіпорындары туралы фильмдер көрсетілді.
Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп кәсіпорындары жыл басынан бері 515,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылғының тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,6 млрд. теңгеге артық.