- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада Нұра ауданының...
Астанада Нұра ауданының әкімі тағайындалды
Астанада Нұра ауданының әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұра ауданының әкімі қызметіне 44 жастағы Ришат Тұрдыбеков кірісті.
Ол еңбек жолын 2001 жылы "Автолизинг Қазақстан" ЖШС (Алматы қаласы) компаниясында бастаған. 2005 жылдан бастап Астана қаласының Алматы ауданы әкімі аппаратының тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің, абаттандыру бөлімінің, өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2011 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы наурызға дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болды. Сондай-ақ елорданың Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылғы қыркүйектен бастап елорданың Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ауданның жаңа әкіміне аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова