- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада наурыз бен...
Астанада наурыз бен сәуір айларында жауын-шашын мол жауады – Жеңіс Қасымбек
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қалада наурыз бен сәуір айларында да жауын-шашын мол жауатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қасымбектің сөзінше, биыл қыста Астанада қар ерекше мол жауды. Мәселен, былтырғы осы кезеңде 3 миллион 800 мың текше метр қар шығарылса, биылғы қысқы маусымда 6 миллион 200 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл екі есе көп.
"Қазгидромет" болжамы бойынша, наурыз бен сәуір айларында да жауын-шашын мол жауады. Жалпы жыл басынан бері жауын-шашын мөлшері нормадан екі есе көп болды. Осыған байланысты қалада су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатыр", - деп жазды әкім.
Қала әкімінің айтуынша, былтырмен салыстырғанда су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны 20-ға дейін азайды. Олар – Алматы ауданындағы 5 учаске, Байқоңырдағы 4 учаске, Нұрадағы 6 учаске, Сарыарқадағы 3 учаске, Есіл ауданындағы 2 учаске.
"Қазіргі уақытта шамамен 45 мың погондық метрден астам арық-науа желісі, 2 мыңға жуық бақылау және жаңбыр қабылдайтын құдық тазартылды, 8 мың погондық метрге жуық коллектор жуылды. Сонымен қатар, "Нұра-Есіл" каналы мен "Майбалық" көлі арасында орналасқан каналды қардан тазарту жұмысы, нөсерлі кәріз жүйелеріне заңсыз кірме жолдарды анықтау және тағы басқа жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстың бәрі жүріп жатыр. Азаматтық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер және тағы басқа тұрақты дайындықта. Елді мекендер мен су тасқыны қаупі бар учаскелерге ерекше көңіл бөлінеді", - деді әкім.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан