Астанада науқастарды қорлаған студент сотталды

Астанада науқастарды қорлаған студент сотталды
Фото: pixabay.com

Елордада науқастар мен балаларды қорлаған студентке сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 жастағы студент ауыр жағдайда жатқан науқастар мен балаларды қорлап, әрекетін видеоға түсірген.

Сотта оның кінәсі дәлелденді.

"Ж. атты студент Қылмыстық кодектстің 110-бабы 2-бөлігі 1 және 2-тармақтары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Ж-ға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертілсін, ол дереу қамауға алынсын", - деді судья Бағлан Ыдырысов.

Студент жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада науқастарға ойына келгенін істеген студенттің соты әлі жүріп жатқаны хабарланды. Жәбірленушілердің туыстары енді айыпталушы жазадан оңай сытылып кете ме деп алаңдаған еді.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz