Астанада науқастарды алдаған дәрігер сотталып кетті

Астанада науқастарды алдаған дәрігер сотталып кетті
Фото: depositphotos.com

Астанада 6 науқасқа мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алаяқ дәрігер бұл қызметін жұмыс орнында ұсынған, алайда мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Ол алдап алған 4 млн теңгеден аса қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.

"Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді, қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығын ескере отырып, ол бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Материалдық шығын өндірілді", - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget