Астанадағы жекеменшік клиниканың бірінде мұрнына ринопластика жасатқан 22 жастағы қыз 6 айдан бері ес-түссіз жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Седьмой канал" телеарнасына сілтеме жасап.
1 миллион 400 мың теңгеге жасалған ота туралы жақындары да хабарсыз болып шыққан. Қазір тәуелсіз сараптама тағайындалған.
"Енді емхана тексеріледі", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.
Клиника қыздың әкесіне арызды қайтарып алған жағдайда ем-домды жалғастыратынын айтқан. Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Арты осыған апарады деп ойлаған жоқпын. Емделеді деп ойладым. Бұлай ұзаққа созылады деп ойламадық. Клиниканың адамдары мойындағысы келмейді", - деді науқастың әкесі Серік Баекин.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова