Астанада мүгедектерден 10 миллион теңгеге жуық салық заңсыз өндірілгені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокуратураның мәліметінше, 380 адам заңсыздықтың құрбаны болған.
"Тексеру барысында 380 адамға 10 миллион теңгеге жуық салық төлемдерінің заңсыз есептелгені анықталды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар "Интерактивті қолжетімділік картасы" порталына мониторинг жүргізгеннен кейін 1683 әлеуметтік нысанның тек 800-і ғана қолжетімділікпен қамтамасыз етілгені белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында алаяқ мүгедектігі бар адамның пәтерін заңсыз иемденіп алғанын хабарлаған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!