- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада мопед жүргізушісі...
Астанада мопед жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды
Фото:
видеодан алынған кадр
Патрульдік полиция экипажы Керей-Жәнібек хандар көшесінде құжаттарды тексеру үшін екі мопед жүргізушісін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейін топқа тағы бір жігіт қосылып, өзін мопедтердің иесі ретінде таныстырған. Сақшылар құжаттары жоқ екенін анықтағаннан кейін, мопедтерді коммуналдық тұраққа қойып, жауапкершілікке тартпақ болған.
Алайда олардың бірі жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, қаша жөнелген.
Мамандандырылған батальон қызметкерлері қашқынды ұстап, құқық бұзушыларды полиция бөлімшесіне жеткізді. Олар полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылып, мопедтер коммуналдық тұраққа қойылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан