Астанада моншадан өрт шықты

Астанада моншадан өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Астаналық өртсөндірушілер монша кешендерінің бірінің аумағында өртті сөндірді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жеткеннен кейін монша кешенінің аумағында екі моншаның өртеніп жатқаны анықталды.

ТЖМ күштері 60 шаршы метр аумақтағы өртті толықтай сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!