Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Р.Қошқарбаев даңғылынан Қ.Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскедегі Б.Момышұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соған байланысты осы жылдың 8 маусымы күні сағат 20:00-ден бастап, 30 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады.
Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта жүзеге асырылады.
Жұмыстарды кезең-кезеңмен жүргізу жоспарлануда: 1 кезең - Р.Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін. 2 кезең – Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Сәтпаев көшесіне дейін.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!