- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада министрліктер үйінде...
Астанада министрліктер үйінде теракт болады деп хабар берген адам сотталды
Астанада лаңкестік туралы жалған хабар берген адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушы - прокурор терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат берген сотталушының кінәсін дәлелдеді.
Сотталушы 102 арнасына қоңырау шалып, Министрліктер үйінің ғимаратында және оның тұрғылықты жерінде терроризм актісі болу мүмкіндігі туралы хабарлаған. Алынған хабарламаны тексеру кезінде полиция қызметкерлері қоңыраудың жалған екенін анықтады.
Сот үкімімен кінәлі адам сотталды. Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын түсіндіреді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина