Астанадағы Министрліктер үйі маңында жол апаты болып, адамды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, кадрларда жәбірленуші шалқасынан жатқаны көрінеді.
Астананың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жедел жәрдем көлігі жеткен, дәрігерлер зардап шеккен адамға көмек көрсетіп, оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Оның жағдайы туралы әлі ештеңе белгісіз.
Полиция әзірге пікір білдірмеді.
Еске салайық, бұған дейін Астанада көпқабатты үйдің ауласында жүк көлігі баланы қағып кеткені хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова