Астаналық полицейлер миллиондаған қарызы бар борышкер жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Toyota Camry автокөлігі жүргізушісінің 16,5 миллион теңге көлемінде берешегі бар. Борышкердің орналасқан жерін анықтау үшін жедел басқару орталығының қызметкерлері патрульдік полицияның жеке құрамын бағыттады.
Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде патрульдік жасақтар Toyota Camry автомашинасын Қабанбай батыр даңғылында тоқтатты. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды, жүргізуші қарызды төлеу қажеттілігі туралы ескертілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!