Астанада мешіттен телефон ұрлаған күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Есіл ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында атыраулық 34 жастағы тұрғынның ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен қолға түсірді.
Бұл азамат тергеп тексеру барысында кешкі уақытта астанадағы мешіттердің бірінде Redmi 7 көк түсті телефонын жасырын ұрлап кеткені белгілі болды. Келтірілген шығын 80 мың теңге болған.
Қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде бұлтартпау шарасы таңдалып, заттай айғақтар тәркіленді.
Күдікті өз кінәсін мойындап, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысты бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!