Астанада мешіттегі тосын жағдай видеоға түсіп қалды

Полицейлер Астанадағы мешіттердің бірінде жасалған ұялы телефон ұрлығын жедел түрде әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адам таңертең ерте таңғы намазға келген. Намазын оқып болған соң демалуды ұйғарып, ұялы телефонын қасына қуаттауға қойған. Осы сәтті басқа адам пайдаланған. Ол ешкім байқамайтынына көз жеткізіп, қараусыз қалған телефонды ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде сол күні бейнебақылау камералары арқылы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 25 жастағы ер адам болып шықты. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!