Полицейлер Астанадағы мешіттердің бірінде жасалған ұялы телефон ұрлығын жедел түрде әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Таңертең ерте ер адам таңғы намазға келген. Намазын оқып болған соң демалуды ұйғарып, ұялы телефонын қасына қуаттауға қойған. Осы сәтті басқа адам пайдаланған. Ол ешкім байқамайтынына көз жеткізіп, қараусыз қалған телефонды ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.
"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері сол күні бейнебақылау камералары арқылы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 25 жастағы ер адам болып шықты. Ұрланған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова