Астанадағы мешіттің бірінде пышақ ұстаған ер адам келушілерді қорқытқан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео kris.p.shym - Instagram парақшасында жарияланды. Кадрлардан шапан киген ер адамның қолындағы пышағын сілтеп, кейбір сотталғандарды түрмеден босатуды талап етіп жатқанын көруге болады. Ер адамның айналасында полиция қызметкерлері көрінеді.
Астана қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі видеодағы ер адамның 2006 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталғанын хабарлады.
"102 нөміріне қаланың мешіттерінің бірінде белгісіз ер адам қауымға қауіп төндіретіні туралы хабарлама келді. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері келді. 36 жастағы күдікті жедел түрде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оның қолындағы қолөнер пышағы тәркіленді", - делінген Massaget.kz тілшісіне жауапта.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайына жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!