- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада мешітке барған...
Астанада мешітке барған тұрғын күтпеген жағдайға тап болып, сан соғып қалған
Елорда тұрғыны полицияға жүгініп, алаяқтықтың құрбаны болғанын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жәбірленушінің сөзінше, Есіл ауданындағы мешітте оған бейтаныс ер адам жақын келіп, танысып, әңгіме өрбіткен.
"Қаскүнем жәбірленушінің сеніміне кіріп, қоңырау шалу үшін ұялы телефонын бере тұруын өтінген. Телефонды алғаннан кейін ол біреумен сөйлесіп тұрғандай кейіп танытып, жайлап алыстап, содан кейін құны шамамен 70 мың теңге тұратын Redmi Notе 11 маркалы телефонды алып кетіп қалған", - делінген ведомство хабарламасында.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданы Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы жігітті анықтады.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті істеген ісін мойындаған.
Еске салайық, бұған дейін Балғынбек Имашев те тәсбих ұстаған адам мешітте телефонын қалай ұрлап кеткенін айтқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова