Астанада мерекелік отшашу ертерек басталуы мүмкін

Астанада мерекелік отшашу ертерек басталуы мүмкін
Фото: depositphotos.com

Астанада ауа райына байланысты отшашу жоспарланған уақыттан ерте басталуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ауа райына байланысты Астана күні мен ШЫҰ саммиті қарсаңында ұйымдастырылған отшашуды (3 шілде) іске қосу жарты сағат бұрын басталуы мүмкін. Осылайша, отшашуды іске қосудың болжамды уақыты 21:30-дан 22:30-ға дейін болады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботаникалық бақ аумағы ішінара жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет.

Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде "Ұлытау" скверінің аумағынан байқауға болады. Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан