Астанада жауапсыз мердігерлердің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Олар қаладағы жолдарды сапасыз жөндеген.
Көктемде көшедегі жолдардың сапасы тексерілді. Осылайша, 2021-2022 жылдар аралығында жөнделген көшелерден ақау табылды.
Тізім мынадай:
- Жетіген көшесі А. Пушкин көшесінен Ж. Досмұхамедұлы көшесіне дейін – "Сотис групп" ЖШС;
- А. Иманов көшесінің бойында А. Янушкевич көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейін – "Айя Сервис" ЖШС;
- Алаш тас жолы жол өтпесінен Жолымбет көшесіне дейін – "Айя Сервис" ЖШС;
- Мәңгілік ел даңғылы М1 көпірінен Бұқар жырау көшесіне дейін – "Компания Энергодор" ЖШС;
- Қабанбай батыр даңғылы бойында Сарайшық көшесінен Қорғалжын тас жолына дейін – "Сотис групп" ЖШС;
- Жеңіс даңғылы бойында Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін – "Сотис групп" ЖШС;
- Р. Қошқарбаев даңғылы бойында Қордай көшесінен М. Төлебаев көшесіне дейін – "Сотис групп" ЖШС;
- Еңлік Кебек көшесінің бойында Сұлтан Бейбарыс көшесінен Болашақ көшесіне дейін – "РЕКМА КЗ" ЖШС.
Енді мердігерлер өз қаражаты есебінен аталған жолдарды жөндейді. Жұмыстар ауа райы қолайлы болған кезде жүргізіледі.
Биыл Астанада шамамен 60 шақырым болатын 50-ден аса көше жөнделеді деп жоспарланып отыр.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!