Астанада мемлекеттік қызметкер кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары кәсіпкер тарапынан растайтын құжаттар толық ұсынылғанына қарамастан, оған электронды шот-фактураларды жазып беруді шектегені анықталды.
Бұл мән-жайлар сотпен оның әрекеті заңсыз деп тану туралы әкімшілік істі қарау барысында да расталды.
Прокурордың қаулысымен мемлекеттік қызметкер ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!