Астанадағы мектептің жанынан өлі табылған қыздың ісін полиция тергеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Суицидке итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір басқа ақпарат жоқ. Күдікті әзірше анықталмады. Сізге оқиғаның мән-жайын толық айта алмаймын", - деді Игорь Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Бұған дейін елордада мектептің жанынан қыз өлі табылғаны хабарланған еді.
Бұл дерекке қатысты мектеп оқушылары өз шындықтарын айтқан болатын.
"Ол №16 мектепте оқыды, біз мына №5 гимназияданбыз. Ауреляны бұрыннан танимыз, бізге 16-17 жастамын деп айтатын. Кеше ғана оның 13 жаста екенін білдік. Жақын күндері туған күнім деп жүрді. Ол шылым, вейптер шегетін. Мына қираған ғимаратқа бізді шақырған. Өзі осының маңайында газ балонын иіскеп отырды. Ас үйге, пешке арналған шағын газ балонын пакетке сеуіп, иіскейді. Ол бастапқыда күніне бес банкадан пайдаланатынмын, кейіннен мөлшерін 2-3 банкаға азайттым деген. Естуімізше, өлер алдында достарымен бірге "Целинный" дүкенінің жертөлесіне кіріп, үлкен газ балонын сатып алған. Достары, бәрі "передозировка" дейді", - дейді оқушылар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!