Астанада мектептің жанынан қыз бала өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 10 қыркүйекте болған. Жергілікті тұрғындардың бірі - адам мәйіті мектептен 50 қадам жерде табылғанын жазды.
Жазба авторының сөзінше, қаза тапқан - 2010 жылғы қыз болуы мүмкін.
Бұл дерекке қатысты Полиция департаменті пікір білдірді.
"Кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды. Оны зерттеу барысында зорлау белгілері табылмады, өлім себебі анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!