Астанада мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген оқушы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдымен робот арқылы жасалған дауыспен қоңырау түскен, екі күннен соң мектеп директорының жеке нөміріне хабарлама жолданған.
Екі жағдайда да шұғыл қызметтер мектепті толық эвакуациялап, ғимаратты тексеріп, қауіп жоғын анықтаған.
Жүргізілген шаралар нәтижесінде бұл әрекетті 8-сынып оқушысы бастағаны анықталған.
"Жасөспірім әлеуметтік желіден жалған минирлеу туралы хабарламалар жіберу үшін ақы төлеуді ұсынған жазбаны көріп, телефонын қосып қойған. Осылайша ол сабақ өтуіне кедергі келтіруге тырысқан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған оқушының ата-анасы баланы тиісті деңгейде тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартылды. Оқушы кәмелетке толмағандар есебіне қойылды", - деді ІІМ өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!