- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада медицина ұйымдары...
Астанада медицина ұйымдары қарызға батқан
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рустемова елордадағы медициналық ұйымдардың берешегі 15 миллиард теңгеге жуықтағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінде қалада 58 медициналық ұйым жұмыс істейді.
Басшының сөзіне сенсек, салада қаржы жетіспеушілігі мәселесі бар.
"Медициналық ұйымдарға қаржының жетіспеушілігі кредиторлық берешектің пайда болуына әкелді. Қазір кредиторлық берешек сомасы 14,7 млрд теңгеге жетті.
"СК Фармация" компаниясы алдындағы берешек – 4,5 миллиард теңге, ал басқа қызмет көрсететін компанияларға қарыз – 10,2 миллиард теңге. Оның ішінде 2022-2023 жылдары мерзімі өткен кредиторлық берешектің сомасы – 3,3 миллиард теңге. Мысалы, қаладағы қаладағы №1 көпсалалы аурухананың кредиторлық берешегі – 2,2 миллиард теңге, фтизиопульмонология орталық – 662 миллион еңге, инфекциялық орталық – 398 миллион теңге", - Әлия Рустемова әкімдікте МӘМС мәселелері бойынша өткен қоғамдық тыңдауда.
Сондай-ақ басшы қарыздың пайда болу себебін айтты.
"Ең алдымен тарифтің төмен болуы, жыл сайын дәрі-дәрмек пен медицининалық өнімдер, азық-түлік, коммуналдық және тағы басқа қызметтер бағасының көтерілгенде және медицина қызметкерлерінің жалақысы өскенде бұл фактор ескерілмейді. Екіншіден, көрсетілетін қызметтер көлеміне төмен (бағамен) шарттар жасасу. Үшіншіден, сызықтық шкаланың қолданылуы", - деді ол.
Оның айтуынша, Астана қаласы бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қордың" филиалы медициналық ұйымдарға уақытында қаржы бөлмейді.
"Медициналық ұйымдарға биыл 4 айда істелген жұмыстың актісі бойынша қаржы бөлінді. Жыл басында бөлінген 30-40% аванс тек жалақы мен салықты төлеуге ғана жетеді", - деді Әлия Рустемова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен