Елордада мас ер адам басқа біреудің көлігін айдап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғын құқық қорғау органдарына көлігінің ұрланғаны жөнінде шағымданған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Nexia автокөлігін айдап кеткен 31 жастағы ер адамды ұстады.
Ол іздеуде болған көлікті мас күйінде айдап кеткен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталған азамат, көршілес көпқабатты үйдің ауласында тұрған, артқы есігі құлыпталмаған шетелдік көлікті ұрлап кеткен. Ашық тұрған көлікке мініп, құралдың көмегімен көлікті іске қосып, Қарағандыға қарай жол тартқан.
Ер адам өз кінәсін мойындады. Бұл дерекке қатысы бар адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел уәкілдер заттай айғақты тәркілеп, көлікті иесіне қайтарды.
Астана қалалық полиция департаменті автокөлік иелеріне көліктерін күзетілетін тұрақтарға қоюға, ұрлықты болдырмау және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл жүйесін орнатуды ұсынады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!