Астанада мас тұрғын дәрігерлерге шабуыл жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық полиция бөлімінің мәліметінше, 25 жастағы жігіт мас күйінде қоңырауға келген дәрігерлерді балағаттап, өзін агрессив ұстаған.
"Оқиға өткен түнде болған. Отбасылық жанжалдан зардап шеккен әйел жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкері келген кезде, мас ер адам медицина қызметкерлерін балағаттаған. Ол пышақ алып қорқытып, бөлмені жауып, фельдшерге жұдырығын алып жүгірген. Медицина қызметкерлері 102 шақырған.
Полиция 25 жасағы ер адамды дереу ұстап, "Алматы" ауданы полиция басқармасына жеткізді. Пышақ тәркіленіп алынды.
Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!