Астанада мас күйде көлік айдаған судья қызметінен босатылды

Астанада мас күйде көлік айдаған судья қызметінен босатылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаева қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Жоғары сот кеңесі мәлімдеді.

"Жоғары сот кеңесі жанындағы сот жюриінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы шешімімен Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Ә.К. Досаева судья қызметінен босату түріндегі жазаны қолдана отырып, судьялық әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған мәліметте.

Досаеваға қатысты іс

2025 жылы 2 қарашада Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Полиция рейд барысында Mazda маркалы көлікті тоқтатқан. Сараптама нәтижесі бойынша жүргізуші мас болғаны анықталған.

Кейінірек Астананың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі қарап, осылайша Әсел Досаева кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget