- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада мас жүргізуші...
Астанада мас жүргізуші жолдың ортасында ұйықтап қалған
Астанада мас жүргізуші жолдың ортасында ұйықтап қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астананың патрульдік полиция қызметкерлері түнгі уақытта Айтматов көшесінің бойында тура жолда тұрған KIA CARENS автокөлігі байқалды. Аталған көлік полицейлердің күдігін туғызған.
Медициналық тексерудің қорытындысы бойынша ер адамның орта дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды.
"Жүргізушіге көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар құқық бұзушы әкімшілік соттың шешімімен 20 тәулікке қамаққа алынып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан