Астанада кеңседе мас күйде төбелес шығарған ер адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"102" арнасына әкімшілік ғимаратта мас ер адам жанжал шығарып жатыр деген хабар келіп түскен.
Жедел шақыру бойынша дереу жеткен Алматы аудандық полиция қызметкерлері жанжалға қатысы бар 30 жастағы ер адамды анықтады. Ол бұрын кеңседе жұмыс істеген, кеңсе иелерінің жақын туысы екені анықталды. Ер адам мас күйде ноутбукті қасақана бүлдіріп, қызметкерлермен төбелес шығарған.
Бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Сот қаулысымен төбелескен азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабы 1-бөлігімен (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) 10 тәулікке қамауға алынды.
Тәртіп сақшылар ер адамды Астана қаласы полиция департаментінің арнайы қабылдау орталығына орналастырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!