- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада мас әйел...
Астанада мас әйел полицейге шабуыл жасаған
Астанада мас әйел полицейге шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Астанадағы полицияның жедел басқару орталығына 1 қазанға қараған түні дәмханалардың бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы дабыл қоңырауы түскен. Полиция инспекторлары оқиға орнына жеткен.
Полиция қызметкері екі мас әйелдің келушілермен және кафе қызметкерлерімен жанжалдасып жатқанын анықтады. Оқиға орнында екі әйел де полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, кафеден шығудан бас тартқан. Әйелдердің бірі дәмханадан күштеп шығарылды, сол кезде ол учаскелік полицейге шабуыл жасап, оған зақым келтірген.
Мас әйелдер медициналық тексеру жүргізу үшін қызметтік көлікке отырғызылған. Көлікте олардың бірі "102" арнасына қоңырау шалып, полиция қызметкерлері оны кафеден себепсіз шығарып жібергенін хабарлады. Бұл арыз хаттамаға алынып, қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазір тергеу бөлімі полицейді қызметтік міндеттерін атқару кезінде балағаттап, оған шабуыл жасау дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, әйелдер бұрын құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек