Астанада Мәңгілік Ел даңғылының бір бөлігі толығымен жабылады

Астанада жексенбі, 3 қарашада Мәңгілік ел даңғылының бір бөлігі толығымен жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі City Transportation Systems ЖШС-ға сілтеме жасап.

"3 қарашада сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін №№12, 15, 15 А, 18, 19, 21, 32, 35, 43, 46, 50, 55 А, 55 Б, 61, 70 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Себебі LRT эстакадасының уақытша металл тіректерін демонтаждауға байланысты Мәңгілік ел даңғылы бойында Сығанақ көшесімен қиылысында қозғалыс жабылады", - делінген хабарламада.

Компания тұрғындарға сапарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескертеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!