ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықты әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2026 жылдың басынан бері Астана қаласында, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектептердің қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін рәсімдеу кезінде заңсыз сыйақы алу, өкілеттігін теріс пайдалану дерегі анықталған.
ҰҚК мәліметінше, Астана қаласында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) басшысының бұрынғы орынбасары жүйелі түрде пара алу арқылы азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға жәрдемдескен.
"Жалпы сомасы 100 млн теңгеден асатын 60-тан аса дерек құжатталды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы мамандандырылған ХҚКО және Екібастұз қаласындағы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалдары басшыларының заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді. Олар жалған тұлғалар арқылы емтихан тапсыруды ұйымдастырғаны үшін ақша алғаны анықталды. Бұл деректер бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!