Астанада LRT вагондарындағы граффити өшірілді

Фото: Видео кадры

Астанада LRT вагондарына белгісіз біреулер салып кеткен граффити арнайы құралдардың көмегімен өшірілді. Бұл туралы City Transportation System (CTS) компаниясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"LRT вагондарындағы граффити арнайы құралдардың көмегімен өшірілді. Мұндай жағдайлардың алдын алу вагондарды жобалау кезеңінде-ақ қарастырылған: бояу құрамында төзімді қорғаныс материалдары пайдаланылған. Құрамның бастапқы қалпы сақталып, толық тазаланды", – деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Астанада белгісіз біреулер ЛРТ вагондарын бүлдіріп кеткені хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget