Астанада Сығанақ көшесінде орналасқан LRT жолында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, LRT жолындағы электр кабельдері жанған. LRT мамандары электр желісін кернеуден ажыратқаннан кейін ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon өртсөндіргішінің көмегімен өртті сөндірген.
Өрт аумағы 1 метр болған.
Қазір өрт толық сөндірілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова