Астанада лифтте қалған жасөспірімді ТЖМ қызметкерлері құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада Бараев көшесіндегі жаяу жүргіншілер көпірінде 2011 жылы туған жасөспірім жолаушылар лифтінде қамалып қалған. Оның дауысын естіген өтіп бара жатқан адам 112 нөміріне қоңырау шалған.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері арнайы кілттің көмегімен лифт есігін ашып, жасөспірімді аман-есен алып шықты.
ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз, мынаны ұсынады:
Еске салайық, бұған дейін инженер лифт тұрып қалған жағдайда қалай әрекет ету керегі жөнінде қарапайым кеңестер айтқан.
Оның айтуынша, ең алдымен сабыр сақтау маңызды. Лифт ішінде секіруге немесе есікті өз бетіңізше ашуға болмайды. Сондай-ақ, ол бірден көмек шақырып, әр лифтте болатын "Көмек шақыру" немесе "Авариялық шақыру" түймесін басуға кеңес береді. Диспетчермен сөйлескенде үйдің мекенжайын, подъезд нөмірін және лифт тоқтаған қабатты айту қажет. Егер денсаулыққа қатысты мәселе болса, оны да көмек сұрағанда міндетті түрде хабарлаған дұрыс.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!