Астанада лифтінің есігін қасақана теуіп сындырған тұрғын жазаланды

Астанада лифтінің есігін қасақана теуіп сындырған тұрғын жазаланды
Фото: polisia.kz

Астанада бұзақылық жасаған тұрғын жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы құқықбұзушылықтарды анықтап, тиісті шараларды қолданып жатыр.

Мысалы, қаланың 34 жастағы тұрғыны лифтінің есігін қасақана теуіп сындырғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, оны жауапкершілікке тартты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан