Астанада лифтіде төрт адам қалып қойды

Астанада лифтіде төрт адам қалып қойды
Фото: depositphotos.com

Астаналық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін, 28 тамызда Астананың Алматы ауданындағы бизнес орталықтардың біріндегі лифтіде төрт адам қалып қойды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шақыру орнына жеткен құтқарушылар аспалы құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдардың шығуына көмектесті.

Ведомтво астаналықтарды құтқарған сәтте түсірілген видеоны жариялады.

Тұрғындар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан