• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Астанада лифтіде пранк жасаған жастар ұсталды

Астанада лифтіде пранк жасаған жастар ұсталды
Фото: Видео кадры

Астанада полицейлер "қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған" пранкерлерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде жастар қаруға ұқсайтын затты көрсетіп, жанжал шығарғандай болған, мұны көрген адамдар шошыған.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде азамат Г.А. және оның сыбайласы әуелі сөзге келіспей қалғандай болып, кейін төбелескендей болған.

Осы кезде Г.А. тапаншаға ұқсас затты шығарып, оны лифтідегі адамдарға қаратып, оларды қорқытқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гасанов Араш (@gasanov_arash)

Осы факті бойынша пранкті ұйымдастырған тұрғын ұсталып, полицияға жеткізілді. Оның үстінен бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды және уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget