Астанада лифт үзіліп, бір адам қаза тапты

Астанада лифт үзіліп, бір адам қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт үзіліп, бір адам қаза тапты. Жараланғандар бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төлебаев көшесі, 5 мекенжайында орналасқан "Арыстан" тұрғын үй кешенінде төтенше жағдай болған.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде лифтке жауап беретін компанияның бір қызметкері көз жұмған.

"Екі қызметкер №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Бір науқастың жағдайы орташа ауыр, екіншісі ауыр жағдайда", - деп жазылған хабарламада.

Астана Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Данияр Капаров (@astana_pokazhet_)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget